bannersa207 bannersa208

2- сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2-7 сәуір аралығында балалар кітабы апталығы өтті.  Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. «Кітап - ғажайып әлем» атты   әдеби-кешпен апталықтың салтанатты ашылуы басталды. Шараға №8 гимназияның 2 сынып оқушылары мен кітапханашы Асем Құрманбаева, №7 Айгөлек бөбекжайының  тәрбиеленушілері, кітапхананың  оқырмандары жиналды. Кітапханашылар балаларға үнді халқының  «Қуыршақ»  ертегісін сахналап, балалармен «Сиқырлы сандық» атты  ойын жүргізді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары  Балабиева Ақбота «Туған жер» әнін орындап,  көрермендердің ризашылығына бөленсе, оқырман Орынбай Нұрай мен №7 Айгөлек бөбекжайының  тәрбиеленушілері Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен жырдан шашу шашты.. Кітапханаға  жиналған барлық балаларға кітапханашылар алғыс білдіріп,  әр балаға тәттілер таратты. Апталықтың екінші күні «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында ертегі кейіпкерімен кездесуді ОКЖ-нің №9 үлгілі кітапхана – филиалының оқырмандары мен кітапханашылары ұйымдастырды. Кітапханаға жиналған балаларға «Ақшақар мен жеті гном» ертегісін оқырман балалар сахналады. Балалар гномдармен би билеп, көңілді күйде қайтты. Үшінші күні кітапханашылар  «Ертегілер әлемінде» дауыстап оқу сағатын жүргізді. Кітапханаға келген әр бала өзінің ұнатқан ертегісін дауыстап оқып, ертегі жайлы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар,   балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойып, жаңа кітаптармен таныстырды.

  «Кітап ұлы үйретуші» әдеби сөзжұмбақты ОКЖ-нің №2 үлгілі кітапхана-филиалы ұйымдастырды. Балаларға қызықты болу үшін, қазақ ертегілері кейіпкерлері,  балалар ақын-жазушылары туралы сұрақтар жасырылды. Балалар дұрыс жауаптарын тауып, өздері сөзжұмбаққа  жазып, ертегілерді жақсы білетіндерін көрсетті .

Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» атты оқырман бенефисімен аяқталды. Кітапхананың үздік оқырманы деп, Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп – лицейінің  5 сынып оқушысы Сәруар Нұрасыл танылды. Кітапханаға 6 жасынан келген Нұрасыл өзінің өнерімен, жан-жақтылығымен көрінді. Республикалық  «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ»  балалар журналдарында өлең мен әртүрлі тақыпта салған суреттері жарық көрген. Шарада оқырмандарды Сәруар Нұрасылмен таныстырып, жақсы көретін кітабы, қай ақынды көп оқитыны, өлең жазуды қашан бастады т.б сұрақтарға жауап алынды. «Өнер мектебінің»  домбыра сыныбында білім алып жүрген Нұрасыл облыстық, қалалалық байқаулардың жеңімпазы. Іс-шарада өнерін көрсетіп, «Түркімен», «Әке арманы» күйлерін шертті. Шара соңында балалармен  ойын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап алып, Сәруар Нұрасылды «Үздік оқырман» мадақтамасымен марапаттап, сыйлық тапсырдық.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код