bannersa207 bannersa208

               Халықтың тарихы оның атақты ұлдарының есімдерімен тікелей байланысты. Яғни, ел тарихында өзіндік із қалдырған есімдер. Қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстан Ғылым академиясының негізін салушы және оның алғашқы академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаев: Тұлға.Патриот.Ғалым» атты телекөпір Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен бірге ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды. Шараға Қаныш Сәтбаевтың көзін көрген ардагер металлург Нығмат Ильясов, зейнеткер Алтыншаш Жармағанбетова, Жезқазған тарихи – археологиялық музейінін «Тарих және археология» бөлімінің басшысы Қабдол Әуезов және Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп – лицейінің 5-7 сынып оқушылары қатысты.

       Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ғалия Өмірзаққызы Түгелбаева қонақтарды таныстырып, ғалымның Жезқазған аймағына сіңірген еңбектері туралы, оның атымен аталған қаламыздағы мұражай, білім ордасы, көше жайлы айтып өтіп, шара қонақтарына сөз берді. Металлург ардагер Нығмат Ильясов ғалыммен қандай жағдайда кездескені, Жезқазған мыс зауытының құрылысы туралы айтса, зейнеткер Алтыншаш Жармағанбетова   Қ.Сәтбаевпен таныстығы мен оның жұбайы Тайсия Алексеевна жайлы айтып, ғалымның құрметіне баласының атын Қаныш деп қойғаны туралы айтып берді. Қабдол Жанділдаұлы Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесіне тоқталып, әлі ғалымның көп зерттелмеген салалары бар екенің жеткізді.

Телекөпір арқылы байланысқа шыққан Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұжымы мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі Шашенов Дархан Тастемірұлы ғалымның өмірі мен қызметі, шығармашылығына тоқталып өтті.

Қаламыздың іргелі білім ордасы Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушылары Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арнайы шығарған «Қаныш жауһарлары» атты жыр жинағына енген өлеңдерін жатқа айтып берді.

Шара соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ғалия Өмірзаққызы қонақтар мен жас ақындарға алғыс айтып, естелікке кітапхана атынан кітаптар табыстады.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код