bannersa207 bannersa208

   Наурыз мейрамы – береке мен татулықтың, тазалық пен ізгіліктің тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлттық мереке. 20 наурыз күні «Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Төрле, Наурыз, төріме, құт-береке еліме» атты мерекелік кешті С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында ұйымдастырды.

Кешке жиналған ОКЖ-сі ұжымының көңіл-күйі Наурыз мерекесіне орай салтанаттық жағдайда болғандығы сезілді. Сахнаны киіз үй керегелерімен безендіріп, керегеге тұс киізбен, домбыра, қоржын, аң терісі, шапан, аяқ қап ілініп, кілем төселді.

Кітапхананың залында өткен наурыз мейрамына арналған іс-шараға кітапхананың тарихында әр жылдары қызмет атқарып бүгінде зейнеткерлікте отырған кітапхананың 16 ардагерлері арнайы шақырылды. Екі кітапхана ардагерлерінің үйіне (жасы 80-де) мерекелік сыйлық жіберілді. Қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық пакеттері (16) ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары келін түсіру салт –дәстүрінде ұмытылып бара жатқан жоралғыларды көрсетті. Атап айтсақ, «Отқа май құю», «Босаға майлау», «Биеқысырмас» салттарын көрсетіп, мән-мағынасын айтып өтті. Кітапхананың кішкентай оқырмандары Аида Дербес пен Ақбота Балабиева «Наурыз», «Көк орай көктем» , «Туған жер» әндерін орындады. Сонымен қатар, кітапханашылар көрермендермен «Сиқырлы қоржын» ойынын жүргізді. Ойынға кітапхана ардагерлері белсенді қатысты. Көрермендерге «Шеге шапан», «Күзем шай», «Борша», «Кеусен» сияқты сұрақтар жасырылды. ОКЖ-нің кітапханашылары ақ дастархан басында жиналған қонақтарға ұлттық тағамдар, наурызкөже ұсынды. Мереке шырайлы және достастық жағдайында өтті, оның барысында филиал қызметкерлері ең жақсы тілектерімен бөлісті, халық әндерін орындады. ОКЖ директоры Ғалия Өмірзаққызы Түгелбаева ардагерлерді, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Өз ой-пікіріңізді білдіріңіз

Сіз қонақ ретінде ой-пікір білдіре аласыз

0 / 300 Character restriction
Your text should be less than 300 characters
  • Пікір білдіргендер жоқ
"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код