creacion de sitos web

bannersa207 bannersa208

2 - сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай "Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2-7 сәуір аралығында балалар кітабы апталығы өтті.  Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.«Кітап - ғажайып әлем» атты   әдеби-кешпен апталықтың салтанатты ашылуы басталды.

Халықтың тарихы оның атақты ұлдарының есімдерімен тікелей байланысты. Яғни, ел тарихында өзіндік із қалдырған есімдер. Қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстан Ғылым академиясының негізін салушы және оның алғашқы академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаев: Тұлға.Патриот.Ғалым» атты телекөпір Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен бірге ОКЖ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды. Шараға Қаныш Сәтбаевтың көзін көрген ардагер металлург Нығмат Ильясов, зейнеткер Алтыншаш Жармағанбетова, Жезқазған тарихи – археологиялық музейінін «Тарих және археология» бөлімінің басшысы Қабдол Әуезов және Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп – лицейінің 5-7 сынып оқушылары қатысты.

Наурыз мейрамы – береке мен татулықтың, тазалық пен ізгіліктің тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлттық мереке. 20 наурыз күні «Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Төрле, Наурыз, төріме, құт-береке еліме» атты мерекелік кешті С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында ұйымдастырды.

   Жыл сайын Жезқазғанда дәстүрлі түрде өтетін халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің аймақтық "Ұлытау үні" фестивалі биыл жалауын XXIX рет көтерді. "Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің С.Сейфуллин атындағы кітапханасы "Ұлттық өнерді ұлықтаған фестиваль", Тайжан Қалмағамбетовтің туғанына 140 жыл толуына орай "Арқадан ән оздырған ақын Тайжан" атты көрмелер ұйымдастырды.

Пікір білдірді (0) Қаралды: 93

   2019 жылдың 19 ақпаны күні Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханада Жезқазған қаласының 65 жылдығына, Жастар жылына арналған XXIX «Ұлытау үні» фестивалі аясында өнертану ғылымдарының докторы, дәстүрлі әнші Аманкелді Ұзақбайұлының «Домбырамен ән салу» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті.

    С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Қаламгерлер» клубының алғашқы отырысы аясында Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Батырбек Мырзабековтың «Тауларым – менің қорғаным» атты кездесу кешінің шеңберінде «Аңшының әңгімелері» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

"Айналайын, қанатым", "Әке туралы ой", "Ана туралы баллада", "Кездесу", "Ұлытау" - әндерінің компазиторы кім?
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
  • Голоса: (0%)
Всего голосов:
Первый голос:
Последний голос:

Жаңа кітаптар

     

Сайтқа кіру

Сайтқа кіру Тіркелу

Сайтқа кіру

Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Есте сақтау

Жаңа қолданушыны тіркеу

(*) белгіленген жолдарды міндетті түрде толтыру қажет
Есіміңіз
Сайтқа тіркелу логин есіміңіз
Құпия сөз
Verify password *
Email *
email * қайта еңгізіңіз

infogr7 1 kz

557

1

Жезказганский ВЕСТНИК

vestnik1

4585214

QR код